Oxu, tar, oxu tar!… Səsindən ən lətif şeirlər dinləyim, Oxu tar, bir qadar, Nəğməni su kimi alışan ruhuma çiləyim. Oxu tar! Səni kim unudar?
Аспанменен тірескен, Тәңіріменен тілдескен Көкшетауым біп-биік. Қою қара көк бұлт Жайнап, ойнап, құлпырып, Көкшетауды тұр сүйіп. Көкшетаудың көзі жас, Ылғи мең-зең, айнымас Қалың тұман мұнардан. Инелік өтпес жіп-жиі, Оқтан түзу тал бойы Қарағайға оралған. Әлдеқайда, биікте Төніп төмен – киікке, Қанды көзді қыран жүр. Мен де Мұса болар ем, Тілдестірсе Тәңірімен, Көкше маған болып Тор1. Құшам Мұса аяғын, Өлеңім – ізгі таяғым, Көкшеге мен де шығамын. Аяқ басып Арсыға 2, Жүгіріп барып қарсына, Тәңірінің тілін ұғамын.