Ana içeriğe atla

Kayıtlar

Kazak Nesri etiketine sahip yayınlar gösteriliyor

Айзат Рақыш - Көз байланғанда (хикаят)

«Телміріп алған теңгеден тер төгіп тапқан теңге жұғымды.»                                                                                   Халық мақалы -Мәссаған, мына бір әнші жиырма миллионның сағатын тағады екен.-Әділ телефонының экранына сілекейі шұбыра қарады.

Stalin Sonrası Kazak Edebiyatı

   Yeni hükümet, Stalin’in 1953’teki ölümünden üç yıl sonra, onun döneminde yapılan hata­ları ve zulümleri sorgulayarak, demokratik kuralları koyma ve uygulama kararı alır. Bu ka­rarın edebiyat sahasına da tesiri olur. Yazarlar, “Edebiyatın gelişmesi yönündeki her türlü yalan teoriler”i (Kirabayev, 1998: 113) sorgulamaya başlarlar. “Sosyalist realizm” denilen mükemmel toplum düzeninin bir hayal ürünü ve yalandan ibaret olduğu Kazak yazarları tarafından vurgulanır. Yazarların hayat ile alakalarını artırma meselesi görüşülür. Daha önce “Halk düşmanı” olarak ilan edilen yazarlara olan güvensizlik ortadan kalkar. Diğer Sovyet Cumhuriyetlerindeki aydınlar gibi 1937-38 yıllarında suçsuz yere karalananlar ak­lanır ve hakları iade edilir. Kazakistan’da S. Seyfulin, B. Maylin, İ. Cansügirov, S. Şeripov, M. Davletbayev gibi yazarların isimleri ve eserleri edebiyat tarihinde yeniden yerlerini alırlar. Yazarlar nispeten daha serbest yazmaya başlarlar.

Берік Бейсенұлы - Домбырасыз ән қайда?

  2018 жылдың 13 маусымында қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғыр­ту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленді.  Шанағынан күмбірлеп күй төгілген домбыра – қазақтың жан серігі. Ал жан серігін ұлы дала ұланы, қазақ баласы ешқашан жерге тастаған емес. Қазақтың шаңырағында екі нәрсе жоғары ілулі тұрған: бірі –қамшы, екіншісі – қасиетті қара домбыра.  Ғасырлар өтіп, заман ағымы ауысып, адамдардың өмір сүру салты өзгергенімен, домбыраның қазақ халқы үшін алатын орны қашанда құдіретті болып қала бермек. Домбыра мен қазақ – егіз ұғым. «Екі шектің бірін қатты тартып, бірін сәл кем бұрау» арқылы дала философия­сын бүгінгі заманға жеткізген қара шанақ домбыраны қалай қастерлесек те жарасады.  Қасиетті домбыра туралы аңыз, әңгіме жетерлік. Ықылым заманнан қазақпен бірге жасап келе жатқан ұлттық аспапқа қатысты дерек көп. Домбыра сөзінің шығу тарихына қатысты жорамалдар да әртү...

Абай Құнанбаев өлеңдері және өмірбаяны (1845 - 1904)

Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір - бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтыбақ, Топай. Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, "Ісің адал болса Өскенбайға бар, арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған. Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады.

Қуаныш Жиенбай - Нөсер (Әңгіме)

Киікбайдың мазасын алған мына телефоны түскірді не істесе екен, а?! Ашық тұрған терезеден көшеге қарай лақтырып жіберсе, біреу оның өтемақысын сұрай ма? Қалта телефонсыз да өмір сүріп келген Киікбай мұнан былай да тып-тыныш тірлігін жалғастыра берер еді-дағы. Келіндерінің көкейіндегі түпкі мақсатты түсіне алсашы; атамыз екінің бірі емес, еш нәрседен таршылық көрмесін дейтін жанашырлық па... әлде ана кісімен іштей бақталасып жүретінін білген соң, соның алдында кішіреймесінге саятын қамқорлық па? Мұны аңғарғандарына мың алғыс! Оларға енді кейістік білдіргеннен не пайда. Естуінше, қымбат телефонды несиеге алған сыңайлы... Иә, Киікбай күн сайын үкімет адамдарымен ел тағдыры жайлы ақылдасып тұратын еді; хабарласпаса, олар жер-көкті шарлап, Киікбайды іздейтін еді. Е, соны айтамын да... Бұрындары Киікбай ертеңгі шайын адам құсап асықпай, кесесіне бір уыс тары салып, еш нәрсе ойламай, еш нәрсеге алаңдамай, терлеп-тепшіп рақаттана ішетін-ді; құс жастыққа жантайып, теледидардың соңғы жаңалығын т...

Айзат Рақыш - Ж.Аймауытов пен Ә. Асқаров прозаларындағы ұлы үндестік

            Жалпы, сөз өнерінде, әдебиеттану тарихында тұлғалар үндестігі, түрлі сипаттағы үйлесімділік уақыт алшақтығына көнбейді. Ешбір уақыт күші сом тұлғалардың шығармашылығындағы ішкі тылсым тоғысуды үзе алмайды. Белгілі жазушы Әлібек Асқаров қаламынан Ж. Аймауытов мұрасымен мәңгілік ұлы байланысты көремін. Сөзімнің дәлелі ретінде «Ақбілек» романы мен «Өр Алтай, мен қайтейін біиігңді...» романдарын нысана еттім.     Академик С. Қирабаев Жүсіпбектің әдеби болмысы жайлы былай деп пікір білдірген: «Әдебиеттің әр алуан жанрында белсенді қызмет ете отырып, Жүсіпбек жаңа дәуірдегі   әдебиеттің негізін салушылардың алғы легінде болды. Көптеген ірі шығармаларымен жаңа ізденістерді толықтырды.» Жүсіпбек прозалық шығарманы поэзия тіліндей сұлу өрген тұңғыш қаламгер болып ұлт әдебиетінің төрінде есімі айрықша қалды.   Дәл осы ретте Ә. Асқаров шығармашылығы турасында сөз етейін. С. Қирабаев Әлібек прозасы жайлы «Өр Алтай етегіндегі е...

Нұрперзент Домбай - Қазақтың өрлiгi қайда?

  Автобуста отырғанбыз. Бiр қазақ әйелi артында отырған әйелге орысша сампылдап, бiрдеңелердi айтып жатыр. Аузы аузына жұқпайды. Көлiкте адам қарасы аса көп емес. Содан ба жаңағы әйелдiң сөзi құлаққа түрпiдей тиедi. Қоғамдық көлiкте емес, үйiнде отырғандай. Тым ерсi.  Әйелдiң әңгiмесiн тыңдап, ара-кiдiк үн қатып отырған құрбысы да қазаққа ұқсайды. Жүзi қоңыр, шашы қара, көзi қара дегендей. Осыны сездi ме, әлде көршiсiнiң дөрекi қылығы ұнамады ма жанындағы жолаушы: — Өздерiң қазақсыңдар, неге қазақша сөйлемейсiңдер, — дедi зiлсiз, ақырын ғана. Оның бұл ескертпесi көлiкте отырған бар қазақтың ойын дөп басты. — Ол қазақ емес, — деп сампылдақ әйел шап ете қалды. Демек, қазақ болмағасын орысша сөйлеп отырған болды ғой. Жарайды ол қазақ болмай-ақ қойсын (мұнысы ендi шындыққа келмейдi). Алайда, мына сауал әрқайсымызды мазалауы тиiс секiлдi. «Өз елiмде, өз жерiмде тұрып жатырмын. Неге мен орысша жалпақтай беруiм керек. Қайта ол қазақша сөйлеуге тырысуы керек емес пе?». Сiрә, көбiмiзде...

Құлтөлеу Мұқаш - Аусар (әңгіме)

  Электровоз айдайтын әріптестерім Жетес пен Ерден шахтаға түсе сала бір-бірін қажай бастаушы еді:  – Әй, Ердеш бала, әкең үлкенді сыйлауды үйретпеген бе, машинаңды менен кейін қойсаң да болады ғой! Ағаны құрметтеуге қашан дағдыланасың? – Өндіріс жас бұлдап, сақал саудалайтын жер емес, мәртебелі Жетес мырза! Бұл не гәп... – Кәне, кет-т, күшік-к... Әкет-т-т дереу электровозыңды-ы-ы!  – Ақырын да, Жеке! Саңырау емеспіз ғой. К...іңнен жараланғандай сонша қышқырғаның не?!  Отыз бестердегі Жетестің көзі ақиып лезде шатынайтыны рас. Бажылдап, түкірігі шашырап, кейде тіпті, адамға қолына түскен темірді ала жүгіреді.  Бір жақсысы, Ерден тілі қыршаңқы болғанмен, өзінен бір мүшелдей үлкен серігімен жаға жыртыспайды. Ыржыңдап, оқпанды айналып шегіншектей береді.  Екеуінің «концерті» бізге рахат. Бас шайқап, езу жия алмай тұрамыз.  (Әскер қатарына шақырылғанша... одан оралған соң да, шамасы, екі жылға жуық шахтада жұмыс істедім. Анда-санда сол кездегі осындай жәйт...