4 Nisan 2024 Perşembe

Абай Құнанбаев - Абралыға


Мен жасымнан көп көрдім
Мұсылманды, кәпірді.
Абралыдай көрмедім
Намаз білмес пақырды.
Қира әтін оқытып
Көріп едім, шатылды.
Ниет қыла білмейді,
Не қылады нәпілді.
Намазшамның артынан
Құржаң-құржаң етеді;
Жер ұшық берген кісідей,
Тоқаңдай ма, не етеді.
Нәпіл түгіл, намазы
Бәрі желге кетеді.
«Еннатайына кәлкәусар»
Пошал дереу күнәһар,
Аяғын ойлап айтқаны,
«Әні – шаны күлаптар».
Осы оқумен намаздың
Қай жерінде сауап бар?
Тегін ойлап байқасаң,
Мұнда ми жоқ, құлақ бар.

Hiç yorum yok:

Yorum Gönder